«Нашақорлық – індет, күресу онымен – міндет»

15.04.2025

15 сәуір күні Түгіскен ауылдық кітапханасында Денсаулық күніне орай «Нашақорлық – індет, күресу онымен – міндет» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға денсаулықтың маңыздылығы туралы түсінік беру, нашақорлықтың адам өміріне тигізер зияны жайлы мәліметтермен таныстыру, сонымен қатар мерзімді басылым беттерінде жарияланған материалдар арқылы зиянды әдеттердің алдын алу жолдарын ұғындыру. Шара барысында «Денсаулық» атты мерзімді басылымға шолу жасалып, қатысушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жайында құнды деректермен танысты. Кітапханашылар зиянды әрекеттерден аулақ болып, дұрыс таңдау жасаудың адам өміріндегі рөліне тоқталып, жас буынды салауатты өмірге бейімдеуге үн қосты.