«Наурыз хикаясы»

18.03.2022
Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесіне орай кітапхананың ұйымдастыруымен «Наурыз хикаясы» атты театрландырылған көрініс қойылды. Іс-шара мектеп оқушыларының әсем қоңыр күйімен басталды. Безендіру, кітап көрмесі мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Көріністе қазақтың салт-дәстүрлері дәріптелді, бесік жыры мен әзілді айтыс айтылып, әсем ән мен биден шашу шашылды.