«Наурыз құт береке бастауы!»

10.03.2023

10 наурыз   Жасөспірімдер кітапханасында 22  Наурыз мерекесіне орай      «Наурыз құт береке бастауы!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.  Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттады. Кітап көрмесінің «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты 1-ші бөлімінде халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды, 2-ші бөлім «Қазақтың қолөнері - төл өнері» деп аталады. Қолөнер – халықтың ұлттық мұрасы, мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі. Соған орай ұлттық киім, қолөнерге байланысты әдебиеттер ұсынылды. «Халықтың қадір тұтар дастарханы» атты үшінші бөлімде қазақ халқының дастарханы, ұлттық тағамдары туралы басылымдар қойылды.