"Наурыз мейрамы - ұлылықтың ұйытқысы"

31.03.2021

Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде, әдет- ғұрпында ерекше орын алатын мереке- Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды, Наурыз мейрамын он күн тойлауды дәстүрге айналдырып, он күннің әрқайсысын бір мазмұнды шараға арнау тапсырылған болатын.

Осы орайда, Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Наурыз мейрамын тойлаудың 10 күндік іс-шаралар жоспарын құрып, жоспарға сай іс-шаралар өткізіліп отырды.

Наурыз мейрамын тойлаудың бірінші күні,14 наурыз — амалдың бірі, яғни Көрісу мейрамынан бастау алды. Осы айтулы мейрамға орай Орынбай ауылдық кітапханасы «Амал келді – Жыл келді!»  атты Көрісу күнінің  жөн-жоралғыларымен, маңызы мен мәнін ашатын әңгіме шолу бейнебаяны әлеуметтік желіге салып, оқырмандарға насихаттады.  

 Осынау айтулы күндерді айрықша атап өту мақсатында биыл 15 наурыз «Жайлау күні» деп бекітілген еді. Осы күні С.Сейфуллин ауылдық кітапханасы "Күлімдеген көктем күні-жаса, жайна әз Наурыз" атты салт-дәстүрлерімізді насихаттауға арналған  онлайн библиографиялық шолу өткізді. Шолу оқырмандар арасында қызығушылық тудырып, ұмыт қалаған салт-дәстүрлерімізді еске түсіріп, тарихан сыр шертті.

Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамы қарсаңында, ұлттық дәстүрімізді, Наурыз мейрамын ұлықтау мақсатында кітапхана қызметкерлері  "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні " атты  тегін бауырсақ тарату акциясын өткізді Аудан тұрғындарына көп шоғырланған жерлерде  ыстық бауырсақтар таратылып, ұлттық тағамымыз бауырсақтың жасалу жолдары дәріптелді.

 16 наурыз -Шежіре күні. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалатын,"Шежіре күніне" арналған Қызылжар ауылының  "Тәуелсіз елге ақ бата" атты челленджін жасап,ел-жұрттың, ауыл-аймақтың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылды. Челленджге қатысушылар ата-бабаларының  жақсы істерін, кейінгі ұрпаққа әңгімелеп берді.

Наурыз мерекесін тойлау онкүндігі аясында -   17 – наурыз Тарихқа тағзым күні болып бекітілген болатын. Осыған орай Бидайық ауылы кітапханасы "Жаңаарқа мен Сәкен егіз ұғым" атты әдеби кеш  өткізді. Уақыт сынынан өткен, қазаққа еңбегі сіңген Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтап, тарихтан сыр шертті. Тарихқа тағзым күнін атап өтуде ұлт зиялыларының азаттық алу жолындағы күрескерлігі дәріптептелді.

С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 22 наурыз —Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен аудан тұрғындарын құттықтап " Nayruz kitap taxi" жобасы жолға шықты. Көлікке мінген әр жолаушы қазақтың ұлттық тағамы-бауырсақтан дәм татып, өздерінің жақсы ой, жылы лебіз, ақ баталарын беріп, межелеген жерлеріне тегін жеткізілді.

18 наурыз - Игі істер күні. Наурызды тойлау апталығының бұл күні жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады.  Игі істер күніне орай Байдалы би ауылы кітапханасының "Қайырымдылық - қайырлы іс" атты іс-шарасын ұйымдастырды.  .Іс-шараға ауыл зейнеткерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар қонаққа келіп, әсем ән мен күмбірлеген күйге құлақ құрышын қандырды. Кеш соңында  ұйымдастырушылар қонақтарға сыйлық жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Акишева Дәмежан, Момынбекова Мәкен аналарымыз ризашылығын білдіріп, қолға алған игі бастамаларына сәттілік тіледі.

19 наурыз - “Шымырлық пен шеберлік" күні. Ұлыстың ұлы күні “Наурыз” мерекесін тойлау тұжырымдамасына сәйкес С.Сейфуллин кітапханасының оқу залында Жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен "Шымырлық пен шеберлік" атты ұлттық - спорттық сайысы өтті. Ұлттық - спорттық ойындарының өтуіне ОКЖ директоры Ш.Т.Ускенбаева сайыскерлерімізге сәттілік серік болсын деп, өзінің ізгі тілегін білдіре отырып, Наурыз мейрамымен құттықтады. Сайысқа А.Сейдімбеков атындағы ЖОББМ 9 "А" және "Б" сынып оқушылар арасында екі командаға бөлініп, "Бәйшешек"пен"Ақсұңқар" командасы жарысқа түсті. Жарыс 5 кезеңнен құралды. "Тоғыз құмалақ", "Асық ату", "Ақсақ қарға", "Білектесу", "Арқан тартыс" сайыстары бойынша өтті. Әділ қазылар алқасы мүшелері Аманжолов Мақсат Мұратұлы мен Бүлік Аян Маратұлы екі команданың ұпайларын әділ түрде шешіп, жеңіске екі командада тең түсті деп тұжырымдады. Жеңімпаздарымызды дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табысталды. Оқушыларымызға алдағы уақытта биіктерден көріне беруіне тілектестік білдірдік. ҚР мәдениет қайраткері мәдениет үйінің әншісі Ж.А.Сыздықов наурыз мейрамымен құттықтап әннен шашу шашты.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Наурыз аруы-2021" атты арулар байқауы өткізілді. Байқауға ауданымыздың мектеп оқушыларынан бес ару сынға түсті. Байқау 5 кезеңнен тұрды.
1. Бірінші кезең: "Мен қазақтың қызымын" таныстыру (әр ару өзін мәнерлі өлеңмен, әнмен таныстырды)
2. Екінші кезең: "Сұлулық құпиясы" шаш өру үлгілері (шаш өруден сынға түсіп, өрімнің түрлерімен таныстырды)
3. Үшінші кезең: "Ас мәзірі" ұлттық тағамдар (қатысушылар дайындап келген ұлттық тағамдардың атауын, құрамын таныстырды)
4. Төртінші кезең: "Шебер шыңы" қол өнер (қазақи нақыштағы оюымызды насихаттады)
5. Бесінші кезең: "Дефиле" өз ойындағы киім үлгісін ұсыну (әр аруымыз өз қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетті)
Төрелік еткен әділқазылар алқасы:
С. Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Шубаев Ерболат Берікұлы.
Жаңаарқа аудандық Білім беру бөлімінің әдіскері Жакеева Мақпал Сәкібайқызы.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жұмасейітова Гүлзат Жұмабайқызы. Байқауымызға тыңғылықты дайындықпен келген аруларымыз ата-баба дәстүрін дәріптеп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете алатындарын танытып, тапқырлықтары мен шеберліктерін шыңдай түсті. Қызықты әрі тартымды өткен байқауымызға қатысқан аруларымыздың барлығы жүлделі номинацияларға ие болды.
1. Ораш Жұлдызай. О. Жұмабеков атындағы ЖООБМ оқушысы- "Сымбатты ару"
2. Мерекеева Шұға. А. Сейдімбек атындағы ЖОББМ оқушысы-"Инабатты ару"
3. Келгенова Айдана. Жаңаарқа негізгі мектебінің оқушысы-"Өнерлі ару"
4. Бабажан Әнел. С. Сейфуллин атындағы ЖОББМ оқушысы-"Көктем аруы-2021"
5. Сәлкенқызы Дарина. Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ оқушысы байқауымыздың жеңімпазы "Наурыз аруы-2021" деген атпен бас жүлдеге ие болды.
Жаңаарқа аудандық Мәдениет үйінің әншілері-Нұрғалиева Бижамал, Сыздықов Жалын, Сейітқамалова Мақпал әсем әннен шашу шашты. 

20 наурыз – “Зияткерлік күні. Б. Өтешов атындағы аудандық балалар кітапханасы бұл күні балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар мен эпостардан үзінділер айтылды. "Білім биржасы" атты интеллектуалды ойынын өткізілді. Ойынға қатысушылар "Болашақ" және "Бәйтерек" топтарына бөлініп,білімдерін ортаға салды. Үш кезеңде тепе-тең болған командалар жарысы өте тартысты өтті. Соңғы екі кезеңде "Болашақ" командасы топ жарып, жеңімпаз атанды.

21 наурыз - Ұлттық тағамдарды насихаттау күні. С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде 21 наурыз - "Ұлттық тағамдар күніне" орай Наурыз көже мен бауырсақ алаңы ұйымдастырылды. Кітапханамызға келген оқырмандарымызға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жұмасейітова Гүлзат Жұмабайқызы Наурыздың шығу тарихын, ақ дастарханға жайылған қазақ халқының ұлттық тағамдарымен таныстырды. Молшылықтың белгісі болып табылатын қазақтың ұлттық тағамы-Наурыз көженің дайындалу әдісін ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Оралбаева Ақбөпе Кәртайқызы таныстырып, оқырмандарға наурыз көжеден ұсынды. Наурыз мейрамы - халық дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында тарихи және әлеуметтік-мәдени маңызы бар екенін атап өткен кітапхана директоры Ускенбаева Шынар Түлкібайқызы оқырмандарға тілегі мен алғысын білдірді. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы, Жазушылар Одағының мүшесі, ардагер-Амантай Нығатайұлы Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ батасын берді.

22 наурыз ұлы дала халқының ұлық мейрамы қарсаңында,. Бұқара күніне орай Ақтүбек ауылдық кітапханасының «Ұлық мереке» атты мерекелік іс- шара ұйымдастырды.Наурыз мерекесі - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халықтың  қастерлейтін күніде д   әстүріміздің насихатшысы, ұлттық мұраттарымыздың жаршысы бола