«Наурыз – мерекем, Наурыз – берекем»

19.03.2025

19 наурыз күні Айнабұлақ ауылдық кітапханасында 22 Наурыз мерекесі аясында «Наурыз – мерекем, Наурыз – берекем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектеп ұжымымен бірлесіп «Жаңару» күніне орай балалар тобы арасында қазақтың ұлттық ойындары: «Асық ойыны», «Күш сынасу», «Білектесу», «Көтеріспек» ойнатылды. Ойын барысында балалар асық ойынының бірнеше түрін қызығушылықпен ойнады. Атап айтқанда, «Омпа» және «Көтеріспек» ойындары ерекше тартымды өтті. Шара соңында балаларға тәттілер таратылды. Мақсаты: Балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, қазақтың ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін ұғындыру, сондай-ақ Наурыз мейрамының қазақтың ұлттық мейрамы екенін көрсету.