«Өлеңімен өрнектеген өлкені»

26.06.2025
26 маусым күні Түгіскен ауылдық кітапханасында Сайлаухан Нәкеновтың туғанына 85 жыл толуына орай «Өлеңімен өрнектеген өлкені» тақырыбында әдеби сағат өтті. Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақын шығармашылығына арналған библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Өлкеміздің ақыны туралы оқырмандарға мағлұмат беру, оның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.