« Өлеңімен өрнектелген өмір »

22.02.2024
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 22 ақпан күні ақын, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аудармашы, көрнекті ақын- драматург, әдебиет зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай « Өлеңімен өрнектелген өмір » атты поэзия сағаты өткізілді. Іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы , атқарған қызметі жайында мағлұмат берілді.Іс – шараға О.Әлібаев мектебінің оқушылары қатысты. Мақсаты: Әбділда Тәжібаев өміріне қатысты тың деректермен таныстыру, өскелең ұрпақты отаншылдық сезімге, патриоттық рухқа дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру.