«Өнер тамған он саусақ, таусылмайтын ырысым»
25.06.2021
25 маусым күні. Жасөспірімдер кітапханасында «Өнерлі қалам» шығармашылық жоба аясындағы «Өнер тамған он саусақ, таусылмайтын ырысым» атты сыр - сұхбатымыздың құрметті қонағы, О. Жұмабеков атындағы ЖОББМ тірек мектебінің ұстазы, мүсінші Мекебаев Қуантай Төлеутайұлы ұстаздығымен қатар мүсіндік өнерді бірге алып жүрген, өнері өрге жүзіген өнерлі ұстаз. Жігітке жеті өнерде аз дегендей он саусағынан өнер төгіліп, «Ғалия» мен «Анам», «Азаттық» деген атпен барыстың мүсінін, Қаражал қаласындағы « О,әуен!», «Қасиетті қобыз» мүсіндерінің авторы. Өнегелі отбасын құрып, ұл мен қызын тәрбиелеп отырған, өнегелі өнер иесі. Өнерлі адам - өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыруға болатынын ұмытпайық.