«Өнердегі өнегелі өмірлер»

19.01.2023
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 19 қаңтар күні актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына орай «Өнердегі өнегелі өмірлер» атты бейне сюжет көрсетіліп, кітапханашы А.Жокенова әртістің өмірбаяны мен қазақ сахнасында ойнаған рөлдері жайлы айтып өтті. Мақсаты: Қазақтың қайсар, еңбекқор, дарынды қызы, біртуар тұлға жайлы мағлұмат беру.