«Өнерлі қол»
22.11.2022
Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасында Қолөнер үйірмесінің жетекшісі С.Көшеметованың ұйымдастыруымен «Өнерлі қол» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шарада картон қағаз, ағаш таяқшалар, тоқыма жіп сияқты қарапайым әрі қол жетімді заттарды пайдалана отырып әсемдік бұйым (декор) жасалды. Қарапайып заттардан жасалған бұйым өте сәнді және әдемі шықты. Мақсаты: Балаларды шеберлік шығармашылық деңгейлерін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.