«Ортақ біздің жеріміз»

30.04.2025

30 сәуір күні Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ортақ біздің жеріміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қызылжар жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Аймышева Күнсая оқырмандарға библиографиялық шолу жасап, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы, татулығы және ортақ Отанымыз Қазақстанның бірлігі жайлы мазмұнды әдебиеттермен таныстырды. Мақсаты:Оқушыларға ұлттар арасындағы достық пен түсіністіктің маңызын ұғындыру, елдің өркендеуіне бейбітшілік пен ынтымақ арқылы үлес қосуға тәрбиелеу.