«Отан отбасынын басталады»
13.09.2024
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 13 қыркүйек күні «Отан отбасынын басталады» тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларға отбасы жайлы мағлұмат бере отырып, туған- туыстар арасындағы байланыстар жайлы ақпараттар берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылырдың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу