«Отбасы – алтын діңгек»

16.05.2025

    16 мамыр күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 15 мамыр – Отбасы күніне орай «Отбасы – алтын діңгек» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында «Отбасы – алтын діңгек» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған библиографиялық шолу жасалды. Шараға қатысқан оқушыларға отбасы құндылықтары – отбасы ішіндегі қарым-қатынас, өзара сыйластық, сенімдер мен моральдық нормалар туралы кеңінен мағлұмат берілді. Кітапханашылар отбасының қоғамдағы маңызы мен жанұя мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі, түсіністігі мен махаббаты – мызғымас отбасы тірегі екенін атап өтті. Тәрбие сағаты оқушыларды отбасылық дәстүрлерді бағалауға, ата-ананы құрметтеуге және бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеуге бағытталды. Мақсаты:Оқушыларға отбасы құндылықтарының мәнін ұғындыру, жанұядағы өзара сыйластық пен махаббаттың маңыздылығын жете түсіндіру, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттау.