«Отбасы – бақыт мекені»

14.09.2021
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 14 қыркүйек күні «Шаңырақ» жас отау клубы мүшелерімен «Отбасы – бақыт мекені» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс - шараны кітапханашы А.Жокенова жүргізді. Кітапханашы А.Жокенова оқырмандарға отбасының басты құндылықтары туралы шағын баяндама жасады. Клуб мүшелері де басты құндылықтар туралы әңгімелесті.