«Отбасылық кітап оқудың маңыздылығы»
26.01.2021
2021 жылдың 26 қаңтар күні «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ мен «Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сі ZOOM платформасында «Отбасылық кітап оқудың маңыздылығы» тақырыбы бойынша отбасы сағатын өткізді. Оқырмандарға қызмет бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Жұмабайқызымен сұхбат жүргізілді. Іс-шараға аудандық оқу мекемелерінің ұстаздары мен ата-аналары қатысып,көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Гүлзат Жұмабайқызы қатысушыларға кітапхана жұмыстарымен кітапханада қолға алынған тың жобалармен таныстырды. Сұхбат барысында кітапханаға қалай тіркелу керек, онлайн кітап ұзарту мен кітапханамыздың ішкі ережелері мен кітап алудың тәртібі жайында сөз қозғады. «Отбасы сағаты» облыстық жобасы туралы мәліметтер берілді.