«Отбасым - бақыт мекенім»
09.09.2021
Байдалы би үлгілі кітапханасында 9 қыркүйек күні Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасым - бақыт мекенім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Оқырмандар ата аналарымен бірге келіп шағын столда сыр шертісті. Ата аналарына деген айта алмай жүрген сырларымен бөлісіті. Наздарында білдіріп еркелеп, аналарымен бірге суреттерге түсті. Кітап көрмесімен кітапханашы Кеншимова Сағат таныстырып өтті. Мақсаты: жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, отбасы құндылықтарының маңызы туралы түсініктеме беру. Отбасы дегеніміз мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды жанұядағы ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу.