«Отбасымен бірге оқимыз»

14.05.2021

Түгіскен ауылдық кітапханасы 14 мамыр күні «Отбасы» күніне орай «Отбасымен бірге оқимыз» атты кітап көрмесін өткізді. Кітап көрмесіне ересек және жасөспірім оқырмандар қатыстырылды кітап көрмесіне кітапханашы библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесі 4 кітап сөресінен тұрады. 1 - кітап сөресі отбасы жылуы Ана туралы шығармалар мен кітаптар, 2 – кітап сөресі отбасы қамқоры Әкеге арналған, 3 - кітап сөресі отбасы шуағы балаларға арналған, 4 - кітап сөресі: мерзімді басылымдар, журналдар. Пайдаланылған әдебиеттер: Е. Әлімжан «Анажар», О. Әбдіқұлов «Ана сүті», А. Бақтыгереева «Ана әлдиі», М. Әлімбаев «Үлкендерден үйреніп», С.Сарғасқаев «Көңілді балалар»,Е. Әкімқұлов «Немере»,Д. Матайқызы «Айналайындарым менің», Т. Нұрмағамбетов «Қош бол, ата», Г. Сүнгү «Қорқыт ата не деді?», Қ. Ағыбаев «Айналайын», Б. Тоғысбайұлы «Әкеден ұл туса», «Әкең де бала болған», Н. Қазыбек «Ағайындар», Қ. Әлімқұлов «Әкемнің әлемі», Н. Қалқа «Әке сені сағындым» кітаптары, «Отбасы және денсаулық», «Жұлдыздар Отбасы», «Алтын босаға» журналдары оқуға ұсынылды.