«Өзекті өртер шындық»
31.05.2024
31 мамыр күні М.Жұмажанов ауылдық мәдениет үйінде М.Жұмажанов ауылдық кітапханасымен бірлесе отырып 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Өзекті өртер шындық» атты дөңгелек үстел өткізілді. М.Жұмажанов ауылдық кітапханасы «Қасіретті жылдар жаңғыры» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көрмеге кітапханашы Иманбекова Арайлым шолу жасап, баяндама оқыды. Іс-шараға ауыл әкімі Д.Жаркенов ауыл имамы Б.Әбілда және әкімшілік және мәдениет қызметкерлері қатысты. Мақсаты: Оқырмандардың отаншылдық сезімін арттыра отырып қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сезімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.