«Өзекті өртер – шындық»

30.05.2025
30 мамыр күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер – шындық» атты тарихи сағат өтті. Іс-шара барысында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандары еске алынып, тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде М.Әбдәкімұлының «Зобалаң», «Сталиндік көшпенділер», «Алаштың сөнбес жұлдыздары» атты кітаптарына шолу жасалды. Шараға ауыл әкімдігі мен Мәдениет үйі өкілдері қатысты.
Мақсаты: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, олардың өмір жолын таныстыру және есімдерін құрметтеуге тәрбиелеу.