«Өзің оқы да, өзгеге ұсын»

24.06.2025
24 маусым күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасының ұйымдастыруымен ауыл саябағында балалардың қатысуымен «Өзің оқы да, өзгеге ұсын» атты буккросинг өтті. Шара барысында үйде сақталып жатқан немесе кітапхана қорындағы ескі кітаптарға екінші өмір сыйлап, оқырмандарға таныстыру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Оқушылар мен түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға ынталандыру, кітапханаға оқырмандарды тарту.