«Почташының бір күні»

09.04.2025

9 сәуір күні Түгіскен ауылдық кітапханасында «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай «Почташының бір күні» атты сұхбаттық кездесу өтті. Шараның құрметті қонағы – ауылымыздың Қазпочта қызметкері Мақпал Жамбылқызы. Ол оқырмандармен өз мамандығы жайлы сыр бөлісіп, почташының күнделікті қызметі, жауапкершілік пен адал еңбегі жайлы кеңінен әңгімеледі. Кездесу сұрақ-жауап форматында өрбіп, оқырмандар почташы мамандығының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы тереңірек түсінік алды. Мақсаты – жастардың түрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, еңбекке деген құрмет пен сүйіспеншілікті ояту. Мақпал Жамбылқызы – өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларға жүрекпен таңдалған мамандықтың әрқашан қуаныш пен шабыт әкелетінін жеткізді.