«Президент жолдауы-халықтың қолдауы»
30.10.2021
30 қазан күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында «Президент жолдауы-халықтың қолдауы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге әкімшілік аппаратының қызметкерлері қатысып, ауыл әкімі Қалжанов Бауыржан баяндама оқыды. Кітапханашы Кеншимова Сағат кітап көрмесіне шолу жасап және жолдаудағы өзекті мәселелерді қысқаша айтып өтті. Мақсаты: Оқырмандарға Президентіміздің Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын таныстыру, насихаттау, түсіндіру.