«Рәміздер - ел беделі»

04.06.2024
4 маусым күні Қызылжар кентінің Мәдениет үйінде кітапханашылар және Мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер - ел беделі» атты тарихи сағат өтті.Тарихи сағатта оқырмандарға ата -бабамыздың аңсап кеткен арманы мен азаттық идеяларын бойына сіңірген тәуелсіздігіміздің осы үш нышаны қазақстандықтарға рух беретіні, Отанымыздың рәміздерін құрметтеу және қорғау - әрбір азаматтың қасиетті борышы екені түсіндірілді. Тарихи сағатқа 5 оқырман қатысты.