«Рәміздер – елдіктің белгісі»

04.06.2025
4 маусым күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – елдіктің белгісі» атты кітап көрмесі мен викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы М.Искакова көрмеге библиографиялық шолу жасап, қатысушыларға мемлекеттік рәміздерге қатысты сұрақтар қойып, оқырмандар қысқаша әрі мазмұнды жауаптар берді. Шара барысында балалардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдері тексеріліп, олардың патриоттық көзқарастары тереңдеді. Мақсаты: Оқырмандарды Қазақстан Республикасының аса маңызды мемлекеттік белгілері – Ту, Елтаңба және Әнұранмен жан-жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің маңызын ұғындыру және оларды құрметтеуге баулу.