«Рәміздер – ерлік белгісі»

09.02.2022
С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 9 ақпан күні Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 30 жыл толуына орай «Байтақ елімнің рәміздері» атты кітап көрмесі мен танымдық сағаты ұйымдастырылды. Кітапханашы М.Искакова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, «Рәміздер – ерлік белгісі» атты слайд көрсетті. Мақсаты: елтаңба, ту, әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.