«Рәміздер – Тәуелсіздік нышаны»

04.06.2025

4 маусым күні Түгіскен ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» атты патриоттық сағат өткізілді. Іс-шараның барысында оқырмандарға Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба және Әнұран туралы, олардың авторлары мен тарихы жөнінде мағлұмат беріліп, арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылды. Шара қатысушылары рәміздердің мәні мен маңызын түсініп, оларды құрметтеудің әр азамат үшін маңызды екеніне көз жеткізді.Мақсаты: Оқырмандарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу, Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге баулу және олардың авторлары туралы білімдерін кеңейту.