«Сан сұраққа саяхат» атты ойын тренингі

19.11.2021
Ағымдағы жылдың 19 қараша күні «Парасат жолы» орталығының жұмыс жоспары бойынша «Сан сұраққа саяхат» атты ойын тренингі Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9 - шы сынып оқушыларымен өткізілді.
3 кезеңнен тұрған ойын тренингте оқушылар 2 кі топқа бөлінді.
- «Есте қалған қызықты оқиға» атты тренингте топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір – біріне кезектеп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларын айтады.
- «Көңілді шарлар» кезенінде оқушылар сұрақ қою арқылы шарды орындарға орналастырады.
- «Сезімталдық» атты кезенде жәшіктін ішінде әр-түрлі заттарды табу және жасырылған затты айту.
Іс – шараға қатысқан оқушылар марапатталып, алғыс білдірілді.