«Сарбаздар ән салады»

06.05.2025

6 мамыр күні Ш. Ералиев ауылдық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Сарбаздар ән салады» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Өнер көрсеткен қатысушылар I, II, III орындармен марапатталып, сынып жетекшілеріне қатыстырғаны үшін алғыс хаттар табысталды. Кітапханада «Ерлер – жердің қорғаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанын сүюге, ерлікке, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; отансүйгіштік пен ұлтжандылық қасиеттерді дәріптеу.