«Сарбазы болам елімнің»

06.05.2025

6 мамыр күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мәдениет үйімен бірлесе отырып, «Сарбазы болам елімнің» атты патриоттық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылу тарихы туралы баяндама оқылды. Шараға 7-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, ерлік көрсеткен батырларымыздың ержүректілік қасиеттерін дәріптеу.