«Сарыарқаның сөз сардары»

10.06.2025

10 маусым күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында жерлес жазушымыз Өмір Кәріпұлының 85 жасқа толуына орай «Сарыарқаның сөз сардары» атты библиографиялық шолу өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы М. Искакова жазушының өмір жолы мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырып, оқырмандарға әдеби мұрасы жайлы мағлұмат берді. Мақсаты: жазушы Өмір Кәріпұлының шығармашылығын оқырмандарға кеңінен таныстыру, оның еңбектерін насихаттау және жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.