«Саяси қуғын-сүргін құрбандары»

30.05.2025
30 мамыр күні Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапханашы Н. Ақшолақова библиографиялық шолу жасап, кітапханашы А. Самаева оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мағлұмат берді.Мақсаты:Репрессия құрбаны болған боздақтар туралы жан-жақты мағлұмат беру, олардың өмір жолын оқырманға таныту арқылы тарихи жадыны сақтау және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.