«Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні»
31.05.2021
Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхана алаңында «Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» атап өтілді. Іс –шараға аудан әкімі Юржан Бекқожин мен мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов және мемлекеттік мекемелердің басшылары, еңбек ардагерлері қатысты. Сәкен бабамыздың ескерткіштеріне тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды. Азаттық жолында ашаршылық қасіретінен құрбан болған ақтандақтардың көксегені – тұғыры биік тәуелсіз ел болу еді, лайықты ұрпақ ретінде бабаларымыздың дара жолын ұстану біздің ұлы парыздарымыздың бірі.