«Сәбит ақын»

28.03.2025

Ш. Ералиев ауылдық кітапханасында 28 наурыз күні жазушы, ақын Сәбит Бексейттің 75 жылдық мерейтойына орай «Сәбит ақын» атты кітап көрмесі өткізілді. Көрмеде оқырмандарға ақынның өмір жолы, шығармашылығы мен қызметі таныстырылды. Іс-шара барысында «Құт қонған Қарағанды», «Ғасырластарым», «Шер мен зер», «Ер үмітін ер ақтар», «Мәңгілік мәйек», «Ел мен ер», «Назым ғасыр» сынды таңдамалы кітаптары ұсынылып, оқырмандарға оларды оқуға кеңес берілді.Мақсаты:Сәбит Бексейттің өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді таныстыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық рухқа тәрбиелеу және эстетикалық құндылықтарды насихаттау.