Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл

21.04.2025
21 сәуір күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай тарихи сағат өткізілді. Шара барысында оқырмандарға жазушының өмір жолы, шығармашылық мұрасы, әдебиетке қосқан үлесі жайлы кеңінен мәлімет берілді. Іс-шараға 5–6 сынып оқушылары қатысып, жазушының шығармаларынан үзінділер тыңдалып, оның әдеби мұрасы жайлы сұхбат өрбіді. Мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.