«Сәкен оқулары»

05.10.2023
Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 5 қазан күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің 80 жылдық мерейтойы және С.Сейфуллин туған күніне орай кітапханамызда «Сәкен оқулары» ұйымдастырылды. Іс-шарамызға Бидайық ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтжанов. Ө.А. қатысып «Тау ішінде» әнін орындап, кітапханаға өз ізгі тілегін білдірді. Оқушылар С.Сейфуллиннің шығармаларын мәнерлеп оқыды. Бидайық ЖББМ 7 Ә - сынып оқушылары белсене қатысты. Кітап көрме таныстырылды.