«Сәкен тұлғасы ән – күй әлемінде»

17.10.2024
17 қазан күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасы мен Мәдениет үйі бірлесе отырып қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Сәкен тұлғасы ән – күй әлемінде» атты мәдени – әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында оқырманымыз 7-сынып оқушысы Аманбай Береке «Біздің жақта» өлеңін жатқа айтты. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды. Көрмеге ақынның шығармалар жинағы, фото суреттер, буклеттер, ұсыныс тізімі топтастырылды. Мақсаты: Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын, қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы ерен еңбегін оқырмандарға насихаттау.