«Сәкен –жырдың сарқылмас дариясы»

22.12.2021

С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік мекемелерінің бірлескен жоспары аясында Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллинге арналған «Сәкен –жырдың сарқылмас дариясы» атты шарасы ұйымдастырылды.
Шара Жаңаарқа ауданындағы С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары, оқушылары және аудандық Сәкен атындағы мұражай мен кітапхананың бірлесуімен өткізгелді.
Шараға қатысушы арнайы қонақтар:
Өнер зерттеушісі, Сәкентанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, жерлесіміз Серік Кәрібайұлы Оспанов.Серік Кәрібайұлы шараға қашықтықтан яғни зум платформасы арқылы қатысты.
Аудандық С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры - Шубаев Ерболат Берікұлы
Аудандық С.Сейфуллин атындағы кітапхана директоры - Жақыпова Гүлмайра Ағлақызы
Аудандық мәдениет үйінің әншісі, мәдениет қайраткері Қызыров Балтабай.
Аудандық мәдениет үйінің әншісі, мәдениет қайраткері Жалын Сыздықов
АББ әдістемелік кабинет меңгерушісі- Достаева Гүлшат Игілікқызы
АББ маманы  - Мұхамедина Әсем Сембиевна.
Шара барысында Республикаға танымал әнші,дәстүрлі ән насихаттаушысы,осы іс-шараға арнайы шақырылған қонақтарымыз Қызыров Балтабай С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін, қазақтың дәстүрлі әндерін орындаушы, Қарағанды облысы әкімінің «Халық әнін үздік орындаушы» дипломының,  «Алтын қобыз» «Алтын домбыра» сыйлықтарының иегері, «Тайжан ізімен» атты республикалық ән додасының бас жүлде иегері.  Қазақстан Ұлттық телерадиосының алтын қорында дауысы жазылған. Қазақстан Республикасының  Мәдениет қайраткері Сыздықов Жалын Айтбекұлының орындауында Еркін Игенберлиннің сөзіне жазылған «Сырбаз Сәкен» әні орындалды. Сондай-ақ аудандық мұражай ақын қолданған тұрмыс заттарын, мектеп оқушылары ақын шығармалар желісі бойынша салған сурет көрмесін, кітапхана ақынның шығармалар жинағы және ақын жайлы жазылған кітаптармен таныстырып өтті.
 Мектеп оқушылары жерлес ақындарымыздың Сәкенге арнаған жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. Шараға онлайн қосылған қатысушылар ақын жайлы ой-пікірлерін айтып,жылы лебіздерін білдірді.