«Сәкеннің сыр сандығы»

17.11.2022

С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында қараша айының 17 күні қазақтың әйгілі ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері С. Сейфуллинге арналған «Сәкеннің сыр сандығы» атты әдеби сағат өткізілді. Шараны кітапханашы М.Искакова жүргізіп, кітап көрмесіне шолу жасап, «Біз Сәкенді білеміз бе?» атты сауалнама толтырылды. Мақсаты: жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.