«Ақ орамал - бейбіт болашақтың белгісі»

27.08.2021

     Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған «Семей полигоны – тарихтың қасиетті беттері» атты шеру ұйымдастырылды. Шерудің мақсаты: Оқырмандарды «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру. Семей ядролық полигонындағы  сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып, пікір алмасып, оқырман қауымға мағлұмат беру. Шеруімізге Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің меңгерушісі Достаева Гүлшат Игілікқызы, С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері қатысты.  Шара барысында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ибраева Нұргул аталмыш акцияның терең мағынасына, мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

     Білім бөлімінің меңгерушісі Достаева Гүлшат Игілікқызы Семей полигонының жабылуына ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» қозғалысына үлес қосқаны туралы, шығу тарихи жайлы мәлімдесе, кітапханашы Сатбаева Ботагөз «Ақ орамал - бейбіт болашақтың белгісі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

     Ізгі дәстүрді ел есіне оралту арқылы қоғамның барлық мүшесі мен әр азаматтың бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы жолындағы жауапкершілігін арттыру көзделген.