Сәулет өнерінің қыр – сыры

27.04.2022

Ауданымыздың мәртебесін көтеріп жүрген абыройлы азаматтардың жаңа қырларын білу, оқушыларға  олар игерген мамандық түрлерін біліп, түсініп, өз бетінше ой қалыптастырып, жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке тәрбиелеу мақсатында, шұрайлы да шырайлы Жаңаарқа – өлкесі – сан даралар мен даналардың киелі ордасы, алтын бесігі, ата мекенін көркейтіп өз үлесін қосып жүрген «Туған жерге туың тік» бағыты бойынша жерлесіміз, жеке кәсіпкер, сәулетші, мүсінші, жобалаушы Жанғозин Тоғайбекпен «Туған жер киелі орын» тақырыбында  кездесу өтті. Кездесу барысында сәулетші Тоғайбек Жанғозин өзінің өмір тарихы жайлы баяндап, әсерлі әңгіме шертті. Өнер туындыларымен таныстыра отырып,сәулет өнері, бейнелеу және мүсін, қолданбалы өнер туралы, сәулет өнерінің қыр – сыры туралы әңгіме өрбітті. жастарға үлгі болатындай өмір тәжірибесімен бөлісті.
Өнертанушы туындылары мен мүсіндердің сапасы ғана емес, сұлулығымен де тұрғындарды қуантып жүруі керек. Өйткені, біздің өміріміз қоршаған орта болғандықтан, олар да жанға жайлы болуы керек. Біздің заманымыздан келесі ұрпақтың еншісіне көшетін жәдігерлер сымбат сұлулығымен оларды да өскен ортаның одан әрі көркеюіне шақырып тұруы керек – деді.
Ауданымыздың келбетін келістіріп жүрген дарынды өнер иесі,  – қазақ мүсін өнерінде шығармашылығы ерек өнертанушы, мүсінші, сәулетші Жанғозин Тоғайбек мырзаға алдағы уақытта, шығармашылық табыс тілейміз. Кездесу соңы фото естелікпен аяқталды.