"Шахмат - ақыл-ой спорты"

14.06.2023

Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында  14 маусым күні Денсаулық қызығушылық клубы аясында  "Шахмат  - ақыл-ой спорты" атты шахмат сағаты өтті. Шахмат сағатымызға клуб мүшесі Бидайық ФАП медбикесі Нұржанова Ғалия Асанжанқызы және жазғы демалыс сауықтыру балалары белсене қатысты. Бидайық ФАП медбикесі Нұржанова Ғалия  Асанжанқызы балаларға шахматтың  денсаулыққа пайдасы   туралы өз кеңесімен бөлісті. Мақсаты: Жинақылыққа, ұқыптылыққа тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа үйрету