«Шебер жазушы – Тәкен Әлімқұлов»

09.06.2025
9 маусым күні Түгіскен ауылдық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» жалпыұлттық акциясы аясында Кенжебай-Самай елді мекенінің тұрғындарына арнап «Шебер жазушы – Тәкен Әлімқұлов» атты ақпарат сағатын өткізді.Мақсаты:Көрнекті жазушы Тәкен Әлімқұловтың прозалық шығармаларын оқырман қауымға таныстырып, оның әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, сонымен қатар оқырмандардың көркем әдебиетке, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.Шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолы туралы мәліметтермен бөлісіп, «Қаратау өрнектері», «Боз жорға», «Сейтек сарыны», «Телқоңыр» атты шығармаларына жан-жақты шолу жасады. Қатысушылар жазушының стилі мен туындыларының тәрбиелік мәні жөнінде өз ойларымен бөлісті.