"Шоқтығым - Елтаңба, Әнұран көк Туым"
04.06.2021
4 маусым күні. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты "Шоқтығым - Елтаңба, Әнұран көк Туым" атты елтану сағаты офлайн түрінде оқырмандар арасында өтті. "Ел рәміздері - ел рухы" кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизмді насихаттау, азаматтарда елдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
https://www.instagram.com/tv/CPse-eOHCV4/?utm_source=ig_web_copy_link