«Шылым шегу ғасыр дерті» атты денсаулық сағаты

18.11.2022

     «19 қараша — Халықаралық шылымқорлықтан бас тарту» күніне орай  «Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасы» КММ оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінің  ұйымдастыруымен  2022 жылдың  қараша айының 18 күні  Е.Шаханов атындағы тірек мектебінде 8-10 сынып оқушылары арасында «Шылым шегу ғасыр дерті» атты денсаулық сағаты өткізілді. Іс шара барысында темекінің және нашақорлықтың  адам ағзасына тигізетін зияны туралы  мағлұматтар мен кеңестер берілді және темекінің зияны туралы  «Жасөспірім темекіден аулақ бол!»  атты видео көрсетіліп, үнпарақтар таратылды.

    Оқушылар темекі, арақ, нашақорлықтың зияны жайлы өз ойларымен бөлісіп,   мектеп медбикесі Тулеубаева Гулмира Сағынтаевна қатысып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда өз тарапынан ақыл-кеңестер берді.