«Шын талант иесі»

13.05.2025
13 мамыр күні Сәкен Сейфуллин атындағы үлгілі кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Шын талант иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында көрнекті жазушы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған әдеби туындылары оқырмандар назарына ұсынылды. Жазушының адам тағдыры мен қоғамдағы күрделі қарым-қатынастарды терең суреттеген шығармалары көрмеде кеңінен қамтылды. Оқырмандар жазушының туындыларын оқып, оларды талқылап, өз көзқарастарын білдірді. Бұл көрме қатысушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді. Мақсаты: Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мағлұмат беру, оқырмандардың әдеби сауатын арттыру.