«Соғыстың соңғы сардары»

12.05.2023
Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 12 мамыр күні «Қазақ елінің даңқты перзенті – Қасым Қайсеновтың» туғанына 105 жыл толуына орай 6 – 7 сынып оқушыларымен «Соғыстың соңғы сардары» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында халық қаһарманының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырылды. Кітап көрмесі жасақталып Қасым Қайсеновтың ерлік істерінен мәлімет берілді. Мақсаты: Отансүйгіштікке тәрбиелеуге, өз елінің тарихына құрметпен қарауға ықпал ету.