«Су моншақпен жұмыс»

26.06.2025
26 маусым күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Су моншақпен жұмыс» атты бисермен жұмыс үйрету шарасы өтті. Қазіргі таңда еліміз егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлем елдерімен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Мұндай кезеңде сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету — аса маңызды. Өнер мен білімді ұштастыра отырып, оны бала санасына сіңіру – үлкен жүрек пен мол мейірімділікті, кәсіби дарындылықты, ізденімпаздық пен іскерлікті талап етеді. Бұл — оқушының адамгершілік дүниетанымын қалыптастыруға жол ашады. Шараға 6-сынып оқушысы Серікова Айдана мен 7-сынып оқушысы Серікова Ділназ қатысып, бисермен жұмыс жасауды үйренді. Мақсаты: Балаларға қосымша тәрбие беруде олардың білімін, шеберлігін көрсету; оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттері мен қызығушылығын арттыру.