«Сүрлеусіз шатқалдардан асу»

10.02.2025
10 ақпан күні Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының білгірі, еңбекқор азамат Шахизада Абильдиннің «Сүрлеусіз шатқалдардан асу» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл туынды – елдің еңсесін көтерген, өмірде көптеген қиындықтармен күрескен еңбек адамдарының тағдырынан сыр шертетін құнды мұра. Кеңес дәуірінен кейінгі ауыл тіршілігінің шынайы келбеті, ауыл шаруашылығындағы ауыр еңбек пен қажыр-қайраттың көрінісі осы кітапта терең өрнектелген.
Кітапханамыз үшін бұл күн ерекше маңызға ие! Ақпараттық-библиография бөлімі автормен ресми келісімшартқа отырып, рухани қазынамызға тағы бір құнды кітап қосты.
Кітап – ұлт жадының алтын сандығы! Бұл еңбек ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, оқырман жүрегіне жол табады деп сенеміз.
Шахизада Абильдинге қажырлы еңбегі мен қаламгерлік мұрасы үшін шынайы алғыс білдіре отырып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық шабыт тілейміз!
#ШахизадаАбильдин #СүрлеусізШатқалдарданАсу #Жаңаарқа #ҚұрметтіАзамат #КітапҚорынаҚосылды #РуханиҚазына