«Сыбайлас жемқорлық - қауіпті кесапат»

11.01.2024
Түгіскен ауылдық кітапханасында 11 қаңтар күні «Сыбайлас жемқорлық - қауіпті кесапат» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Оқырмандарға «Сыбайлас жемқорлық - қауіпті кесапат» атты бейнеролик көрсетілді. «Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды анықтап, пайда болу жағдайларын, қоғам дамуына, адам өміріне қалай кері әсер ететіндігі туралы пікір алмасып, адалдық пен парасаттылықтың адам өміріндегі маңызын тұжырымдады. Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру.