«Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!»

16.04.2025
16 сәуір күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, оның қоғамға тигізетін кері әсері, сондай-ақ бұл құбылыстың түрлі салалардағы салдары жайлы материалдар мен әдебиеттер қойылды. Басылым беттерінде жарық көрген мақалалар арқылы сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуындағы зиянды тұстары кеңінен көрсетілді.Іс-шараға ауыл мектебінің 4-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашылар қатысушылармен бірге «Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заман дерті» тақырыбында пікір алмасып, адалдық, парасаттылық және әділеттілік ұғымдарының маңыздылығына тоқталды. Қоғамда парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы әрекеттердің жолдарын насихаттау мақсатында тәрбиелік мәні зор әңгімелер өрбіді. Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен оның қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру арқылы жастардың бойында теріс көзқарас қалыптастыру, адалдыққа тәрбиелеу.